"Салауатты өмір салтын насихаттау"
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні "Салауатты өмір салтын насихаттау" орталығының өкілдері - психолог Байгожина К.Ж. мектебіміздің жасөспірім қыздарына және ұлдарына, 8-11 сынып аралығындағы, адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбатты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойында рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, имандылық бойынша тренингте өткізді. Аталған тренингте жасөспірімдер туындаған жағдаяттарды шешуге тырысты.