Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Математика және физика пәндерінен ашық сабақ өтті.
24-01-2020 16:48
Математика және физика пәндерінен ашық сабақ өтті.

Математика  және физика бірлестігінде өткізілген ашық сабақтарға талдау.

Мақсаты:Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін бағалау

МІНДЕТТЕР:

1. Мектеп оқытушыларының инновациялық тәжірибесін анықтау:

2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ынталандыру;

3.Оқыту әдістеріндегі мұғалімдердің үздік жетістіктерін насихаттау.

2020 жылдың  24 қаңтарда №37 жалпы орта білім беру мектебінде математика және физика пәндерінен ашық сабақтар өтті. Әджістемелік бірлестіктің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мектепті дамыту бағдарламасы аясында, сонымен қатар мұғалімдердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту, әдістемелік шеберліктерін анықтау және педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында  ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтар қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, балаларды оқыту процесін әрі қарай дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында оқу тәжірибесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Ашық сабақтарды бағалауды қатысқан мұғалімдер жүргізді. Сабақ  барысында қатысқан мұғалімдер келесі критерийлер бойынша бағалады:

Ашық сабақты бағалау критерийлері

1. Сабақтың мазмұнына мақсаттардың, құралдардың, әдістердің, формалардың сәйкестігі

2. Сабақтың тақырыбын ашудың тереңдігі мен өзіндік ерекшелігі

3. Дамыта оқытудың технологиялары мен әдістерін қолдану

4. оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

5. Тақырып мазмұнындағы сілтемелер

6. Пәнаралық байланыс

7. Тәжірибемен байланыс

8. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеті

9. Сабақта бақылауды ұйымдастыру (Қалыптастырушы, жиынтық, критерийлер)

10. Келесі сабақтың тақырыбына шығу

    Сабақ өткізудегі өз шеберліктерін көрсеткен 2 мұғалімнің белсенділігі жоғары екендігін атап өткен жөн. Мұғалімдердің өз жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолданғаны қуантады, бұл оқушылардың пән бойынша білім сапасын арттыруға көмектеседі. Сабақтардың барлығы дерлік жоғары әдістемелік деңгейде өтті.  Сабақтарды өткізудегі басымдықтардың бірі АКТ-ны қолдану бағыты болды, күнделікті өмірде де сабақ өткізу практикасына берік кірді деп айтуға болады. Мұғалімдер медиа оқулықтарды, Интернет-ресурстарды шебер қолданады.