Ұлыстың Ұлы күні № 7 мектепте кеңінен аталып өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінді. Мектеп ауласында өткен «Наурыз-думан» атты мерекелік шара шеңберінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіліп, әсем ән шырқалып, күй төгілді. Мерекенің ажарын шашу шашқан әжелер, оқушылардың театрландырылған көрінісі (Сал-серілер, батырлар) ашып, жиналған қауымның ерекше көңіліне бөленді. Оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен спорттық жарыстар, ұлттық ойындар өтті. Бұл мерекені өткізуге мектептің қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі және №93, №19 балабақша ұжымдары атсалысты. Мерекеге жиналған қауым жайдары көніл-күймен, алғыстарын жаудырып тарқасты.
Ұлыстың Ұлы күні № 7 мектепте кеңінен аталып өтті.