Сенім телефоны
32-57-39, 8-777-934-21-31 мектеп психологы
email: shkola72006@yandex.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
телефондар: қабылдау бөлмесі - 32-22-36, директор - 32-30-88, метод.кабинет - 32-55-00, психолог - 32-57-39.
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 11
жоқ - 1
білмеймін - 0
Всего проголосовало: 12
Смотреть результат
Бір жылда3014339
Бір айда289175
Бір аптада67043
Кеше11629
Тәулік5357
Ата-аналарға арналған сауалнама

Ата – аналарға арналған әдістеме

Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспериментке қатысуды ұсынады. Осы орайда балаңыз туралы ақпаратпен қамтамасыз етуде сіздің көмегіңіздің маңызы зор.Сауалнама толтыру үшін, бірнеше минут уақытыңызды бөлуіңізді сұраймыз. Балаңыз туралы ғана жақсы білетін мағлұматтарды белгілеп, көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.  

1.Менің баламның сөздік қоры мол және ол өз ойын жақсы жеткізеді.Егер “ия” деп жауап берсеңіз,мысал келтіре кетіңіз. Ия _______ жоқ________

2.Менің балам тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды әрі тапсырманы өз бетімен орындайды. Мысал келтіруіңізді өтінеміз.

3.Менің балам кітап оқуды бала бақшадан бастады. Ия ________жоқ_________ 4.Егер “ия” деп жауап берсеңіз, балаңыз оқыған кітаптарды атаңыз.

5.Балам құмарлана кітап оқиды. Ия_________жоқ_________

6.Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.

7.Сіз балаңызды қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?

8.Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын және хоббиін атаңыз (коллекция жинау, модельдер жинақтау, шеберлік және т.б).

9.Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?

10.Сіздің балаңыздың мектепке қарым-қатынасы қандай?

11.Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?

12.Бізге балаңызға арнап бағдарлама жоспарлауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?

13.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

14.Сіз өз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз? Ия________жоқ_____

Егер сіздің жауабыңыз “ия” болса,белгілей кетіңіз: а) бір нәрсені қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ым жасай түсіндіреді; ә) қарапайым мағлұматтарды күтпеген кейіпте пайдаланады; б) бір нәрсені орындағанда қарапайым тәсілдерді пайдаланбай, жаңа тәсілдерді таңдайды; в) "ойлармен ойнағанды" ұнатып, орынсыз жаңа жағдаяттар туғызады.

15.Сіздің пікіріңізше, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын игере алады?

Баланың аты_______________ Жасы______________________ Сыныбы___________________ Мекен-жайы_____________телефон__________ “Дарындылық картасы” әдістемесі (А.И.Савенков жасаған) Жалпы сипаттама Әдістеме ата-аналар мен мұғалімдерге арналған. Ол екі қызметті орындауға есептелген.

  1. диагностикалау, бала бойындағы түрлі қабілеттердің байқалу деңгейін, қай түрі басым екенін сандық сипатта бағалай аласыз. Алынған он бағаны сәйкестендіру арқылы балаңызға тән дарындылықтың даму портретін көре аласыз.
  2. дамытушылық, баланы бағалауға арналған тұжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастыруға болады.

Нұсқау Сізге бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80 сұрақ ұсынылып отыр.Оларды зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз: (+ +) - егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса; (+) - белгі анық көрінгенімен, тұрақты байқалмаса; (0) - бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбейді, сирек байқалады, мінез-құлық пен іс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады; (-) - бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.   Бағаны жауап парағына қойыңыздар. Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына, ал екіншіні екіншісіне және т.б қоясыз.Толтыру уақыты 10-15 минут. Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлұматты білмесеңіз, сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Баланың осы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін "2" алдым деп есептей беріңіз. Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін басқа да үлкендерден, мысалы әжесі мен атасынан өз бағаларын беруін сұраңыз. Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезегінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді. Жауап парағы

  • Логикалық тұжырым жасауға, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.
  • Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.
  • Жаңа білімдерді оңай игереді.
  • Салған суретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады. Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.
  • Музыкалық сабақтарға үлкен қызуғышылық танытады.
  • Әңгімелер мен өлеңдерді құрастырып, жазуды ұнатады.
  • Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.
  • Механизмдер мен машиналарға қызығады.
  • Құрбылармен қарым- қатынас жасауда бастама танытады.
  • Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.
  • Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілет танытады.
  • Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.
  • Естігенін және оқығанын қайталамай-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауға тиіс нәрсеге көп уақыт жұмсамайды.
  • Жақсы фильм көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі зат көргенде ойлы және ақылды кейіп танытады.
  • Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.
  • Сюжет құрудан, дау-дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.
  • Әртістік ойынға қызығушылық танытады .
  • Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.
  • Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.
  • Спорт ойындары мен жарыстарына қатынасқанды ұнатады.
  • Өз ойын оңай жеткізеді, сөздік қоры мол.
  • Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануды шығармашыл (мысалы, ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).
  • Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.
  • Гүл, сурет, тас, марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.
  • Әнді жақсы орындайды.
  • Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.
  • Басқа адамның кейпіне енгенде, дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.
  • Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.
  • Балалармен және үлкендермен тез тіл табысады.
  • Құрбылар арасындағы түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.
  • Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.
  • Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.
  • Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайық.
  • Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалды пайдаланғанды ұнатады.
  • Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.
  • Оқиға туралы әңгімелегенде тек қажетті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып, қажетсізін қалдырып кетеді.
  • Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.
  • Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.
  • Басқа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.
  • Бала бақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.
  • Ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді ұнатады.
  • Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.
  • Танымы жан-жақты, айқын.
  • Бос уақытында ата-анасының нұсқауынсыз көркемдік қажеттілікке ие (үйді, киімді әсемдеу және т.б) суреттерді, мүсіндерді, композицияларды қуана-қуана салады әрі жасайды.
  • Музыкалық жазбаларды ұнатады. Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.
  • Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында біледі.
  • Сезімдерін ыммен, қозғалыспен жеткізуге бейім.
  • Жаңадан жасалған машина, механизм, құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса, тыңдағанды) ұнатады.
  • Басқа балалардың ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.
  • Жеңіл қозғалады. Қозғалыс үйлесімділігі жақсы.
  • Байқампаз, құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.
  • Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.
  • Өз құрбыларынан бір немесе екі жыл бұрын кітаптар, мақалалар, ғылыми басылымдарды оқиды.
  • Өз сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой ұрады.
  • Қандай да бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.
  • Оқиғаны түсінуде маңызды детальдарды әңгімелеу барысында жеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай-ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.
  • Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.
  • Ғылыми оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.
  • Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.
  • Жорыққа шыққанды, ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.
  • Символдар, әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.
  • Өмірлік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.
  • Қорытынды мен жинақтаулар жасай алады.
  • Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл- күйін білдіруге ұмтылады.
  • Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелегенде жаңа, ерекше өзгертулер қосып айтуға, қиялдауға бейім.
  • Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.
  • Оңай әсірелеп, эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.
  • Өз “жобаларын ” нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі( ұшу аппараттары, автомашина, кеме модельдері).
  • Басқа балалар онымен ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.
  • Бос уақытын қозғалыс ойындарына (хоккей, баскетбол, футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады.
  • Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.
  • Немен айналысса да, өнімшіл (сурет салу, оқиға құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.
  • Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі, детектив және т.б.), ғылыми –танымал басылымдарды (балалар энциклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.
  • Өнер шығармаларына өз бағасын бере алады, сурет, ойыншық, мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.
  • Өзіндік, ерекше әуендер ойлап табады.
  • Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл-күйлерін жеткізе алады.
  • Ойын әсірелеуді ұнатады.
  • Компьютерді оңай әрі тез игереді.
  • Нандыру қасиетіне ие, өз ойына басқаларды сендіре алу қабілеті бар.
  • Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.

    Нәтижелерді өңдеу Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Санақ нәтижесін бағана соңына жазыңыз. Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгейіне берген бағаңызды сипаттайды:

  • Танымдық
  • Шығармашылық
  • Академиялық (ғылыми)
  • Көркем-бейнелеу
  • Музыкалық
  • Әдеби
  • Әртістік
  • Психологиялық
  • Көшбасшылық (лидерлік)
  • Спорттық

  Жауап парағы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
51 52 53 54 55 56 57 58 59 60
61 62 63 64 65 66 67 68 69 70
71 72 73 74 75 76 77 78 79 80