Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да/нет/незнаю - 23
Всего проголосовало: 23
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қауіпсіз интернет

Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы

ЖАДНАМА

Интернеттегі қауіптердің жіктелуі

Ғаламторда жас пайдаланушыларға қауіп төндіретін қатердің келесі түрлері бар:  
•    өзіне өзі қол жұмсаушылардың сайттары; 
•    өзін-өзі өлтірушілердің сайттары, форумдары;
•    нашақорлардың сайттары (интернет марихуананың пайдасы туралы ақпараттарға толы, қауіпті өсімдікті дайындаудағы кеңестерберіледі);

•   ұлтараздықты тудыратын, ұлттар арасындағы достыққа қарсы тұратын және нәсілдерді қабылдамайтын сайттар (экстремизм, ұлтшылдық, фашизм);

•   порнографиялық бағыттағы сайттар;
•   танысу сайттары (виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты  жүргізуге кедергі болады, жасөспірімдер коммуникативтік дағдылардан айырылады);

•    экстремизм, зорлықты және әумесерлік мінез-құлықты насихаттайтын, таныс емес адамдардың тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп  төндіретін, жеке кездесулерге шақырып, алаяқтықтың түрлерін насихаттайтын сайттар;
•    секталар (виртуалды әңгімелесуші жасөспірімнің дүниетанымына әсер ете алады).


Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері

1.    Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2.    Сізге пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе (таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп алыңыз.

3.   Егер таныс емес қосымша келер болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып қойыңыз.
4.    Құпиясөзді еш уақытта ешкімге бермеңіз.
5.    Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап қалуға қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен қолдануға тырысыңыз.
6.    Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.

7.    Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.

8.    Егер Интернетте тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын қадағалаңыз.
9.    Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз.

10.   Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.

11.   Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.

7 мен 8 жас аралығы
Бала ата-ананың рұқсатынсыз интернетте беймәлім сайттарға, чаттарға кіреді. Сондықтан ата-аналарға (заңды өкілдеріне) интернетпен пайдалануды шектеуге арналған бағдарламаларға, оның ішінде Ата-ананың бақылауына немесе интернеттің уақытша файлдарына (Windows Vista операциялық жүйесіндегі  \Users\User\AppData\Local\Microsoft\Wmdows\Temporary Internet Files папкалары) жүгіне аласыз. Нәтижесінде балаңыз үнемі бақылауда отырғандағыдай сезімде болмайды, ал ата-аналар бұрынғыдай баланың қай сайттарға кіріп жүргендігін біліп отырады.  Осы жастағы балалар отбасыға өте жақын болады, сондықтан сенгіш және үлкендерге құрмет көрсетеді. Олар ата-аналардың рұқсатынсыз  жүйедегі ойындарды ойнауды, Интернет арқылы саяхаттауды, сайттар мен чаттарға кірудіжақсы көреді.
 

7-8 жасаралығындағыбалалардыңИнтернет желісіндегі қауіпсіздігі туралы кеңестер

•  Балалардың қатысуымен Интернетке кіру ережелерінің тізімін құрастырып, оның орындалуын қадағалаңыз.

 •    Балаңыздан компьютердің алдында жұмыс жасаудың мерзімді нормаларының сақталуын талап етіңіз. Балаңызға бақылау жасап отырғаныңыз қалағаныңыздан емес, тек оның қауіпсіздігін уайымдағаныңыздан екендігін жеткізіп, оған әрдайым көмекке келетіндігіңізді айтып отырыңыз.

•    Интернетке қосылған компьютер ортақ бөлмеде ата-ананың бақылауында болу керек.
•    MSN KidsSearchсияқты балалардың арнайы іздестіру машиналарымен қолданыңыз.
•    Ата-ананың бақылауына қосымша қажет емес контентті бұғаттауға арналған құрылғыларды қолданыңыз.
•    Балалардың өз мекен жайларын болдырмас үшін отбасылық электронды мекен жайын жасап қойыңыз.
•    Дербес бағдарламаның көмегімен тегін пошта жәшігіне қолжетімді сайттарды бұғаттаңыз.
•    Электронды поштаның, чаттың, түрлі формалар мен профильдердің көмегімен кез келген ақпаратты жарияламас бұрын, балаларыңыздың Сізбен ақылдасып отыруын әдетке айналдырыңыз.
•    Сіздің рұқсатынсыз файлдарды, бағдарламаларды, музыканы жүктемеуге үйретіңіз. 

•    Хабарламамен тез арада алмасып отыру қызметімен қолдануыңа жол бермеңіз.
•   Сайттардың «рұқсат етілген» тізіміне тек беделі, абыройы жақсы деген сайттарды ғана енгізіп отырыңыз.
•    Балалармен шынайы өмірдегі достары туралы әңгімелескендей, Интернеттегі достары туралы да әңгімелесіп отыруды ұмытпаңыз.

•    Балаңыздың Интернетке қатысы бар кез келген қауіп, қорқыныш, үрей туралы ашық айтып отыруын үйретіңіз. Сабыр сақтаңыз, қауіп, қатер туралы жеткізіп орыған жағдайда олардың қауіпсіздікте екендігін айтып отырыңыз. Мадақтап отырыңыз және кез келген жағдайда сізге жүгініп отыруыңызға кеңес беріңіз.


9-12 жас аралығындағы балалар
Осы жас аралығындағы балалар жалпы Интернетте қандай ақпараттардың бар екендігінен хабардар. Олардың ақпараттарды оқып, біліп, көрулерін қалайтындығы әбден түсінікті де. Алайда, қажетсіз материалдарға қолжетімділікті Ата-аналар бақылауының көмегімен бұғаттауға болатындығын естен шығармау қажет.

9-12жасаралығындағыбалалардыңқауіпсіздігі туралы кеңестер


•  Балалардың қатысуымен Интернетке кіру ережелерінің тізімін құрастырып, оның орындалуын қадағалаңыз.

 •    Балаңыздан компьютердің алдында жұмыс жасаудың мерзімді нормаларының сақталуын талап етіңіз.

• Балаңызға бақылау жасап отырғаныңыз қалағаныңыздан емес, тек оның қауіпсіздігін уайымдағаныңыздан екендігін жеткізіп, оған әрдайым көмекке келетіндігіңізді айтып отырыңыз.

•  Интернетке қосылған компьютер ортақ бөлмеде ата-ананың бақылауында болу керек.
•    Ата-ананың бақылауына қосымша қажет емес контентті бұғаттауға арналған құрылғыларды қолданыңыз.
•    Балалардың өз мекен жайлары болмас үшін отбасылық электронды мекен жайын жасап қойыңыз.
•    Дербес бағдарламаның көмегімен тегін пошта жәшігіне қолжетімді сайттарды бұғаттаңыз.

• Интернетте танысқан адаммен кездесуге баруға болмайтындығын ескертіп отырыңыз.

•«Рұқсат етілген» тізімдегі сайттарға ғана кіруге болатындығын айтыңыз және ол тізімді балаңызбен бірге отырып құрастырыңыз.

•  Балалармен шынайы өмірдегі достары туралы әңгімелескендей, Интернеттегі достары туралы да әңгімелесіп отыруды ұмытпаңыз. 

• Электронды поштаның, чаттың, формалар мен профильдердің көмегімен түрлі конкурстарға тіркелу кезінде балаларыңыздыжеке мәліметтерді бермеуге үйретіңіз.

• Сіздің рұқсатынсыз бағдарламаларды жүктеуге жол бермеңіз, Қажетсіз бағдарламалық қамтамасыз ету немесе вирустарды жүктеп алу қаупініңбар екендігін түсіндіріңіз.

• Балаңызға компьютерде жұмыс жасаудың шектеулі есеп жазбасын құрастырып беріңіз.

•  Балаңыздың Интернетке қатысы бар кез келген қауіп, қорқыныш, үрей туралы ашық айтып отыруын үйретіңіз. Сабыр сақтаңыз, қауіп, қатер туралы сізге айтқаннан соң олардың қауіпсіздікте екендігін айтып отырыңыз. Мадақтап отырыңыз және кез келген жағдайда сізге жүгініп отыруыңызға кеңес беріңіз.
•    Таныс емес адамдармен хабарласып, тілдесіп отырмағандығына көз жеткізу үшін өз электронды мекен жайына қолжетімділікті қамтамасыз етуін талап етіңіз.

•    Балаларыңызға интернетті бұзақылық үшін, өсек-аянды, қауіпті ақпаратты тарату үшін қолдануға болмайтындығын түсіндіріп айтыңыз.

13-17 жас аралығындағы балалар
Бұл жастағы жасөспірімдер іздестіру машиналарымен, электронды поштамен, хабарламалармен тез арада тілдесу қызметтерімен белсенді қолданып, музыка, фильмдерді жүктеп отырады. Ұлдар шектеулерге мән бермей, керісінше, дөрекі, ұсқынсыз қалжыңға, құмар ойындарына, «үлкендерге арналған суреттерге» әуес болады. Қыздар чаттардың көмегімен хат алмасуға жаны жақын, алайда олар интернеттегі сексуалды алымсақтыққа сенгіш болып келеді. Ата-аналар үшін бұл жас аралығындағы балаларды бақылауға алу өте қиынға соғады. Өйткені олар Интернет туралы өз ата-аналарынан артық біледі. Бұған қарамастан, ата-ана мен бала арасында интернет қауіпсіздігі туралы ережелер қатаң сақталуы қажет. Сонымен қатар, балалардың Интернеттегі қызметі туралы есептемелерді (тарихты) жиі қарап отыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ата-аналардың құпия сөздерінің (әкімшінің құпия сөзі) құпияда сақтаулы екендігіне зор көңіл бөлу керек.  

 


13-17 жас аралығындағы балалардың қауіпсіздігі туралы кеңестер

•    Жасөспірімдердің қатысуымен Интернетке кіру ережелерінің тізімін құрастырып, оның орындалуын қадағалаңыз. Кіруге тыйым салынған сайттардың («қара тізімге енген сайттар») тізімін құрастырып, интернетте отырудың мерзімін, интернет арқылы тілдесудің (оның ішінде чаттардың) жаднамасын анықтаңыз.

•  Интернетке қосылған компьютер ортақ бөлмеде ата-ананың бақылауында болу керек.
• Балалармен шынайы өмірдегі достары туралы әңгімелескендей, Интернеттегі достары туралы да әңгімелесіп отыруды ұмытпаңыз. Тез арада хат алмасып отыру қызметіндегі достары туралы сұрастырып, олармен шын мәнісінде таныс екендігіне көз жеткізіңіз.
•  Ата-ананың бақылауына қосымша қажет емес контентті бұғаттауға арналған құрылғыларды қолданыңыз.
•   Балаларыңыздың қандай чаттармен қолданып отырғанын білу керек. Бейресми режимнің көмегімен, қажетсіз чаттардатілдесуге рұқсат бермеңіз.
•    Балаларыңыздың Интернеттегі достарымен жеке кездесулеріне тыйым салыңыз және ол айтқанды екі етпей, сізді тыңдап жүруін талап етіңіз.

•    Электронды поштаның, чаттың, формалар мен профильдердің көмегімен түрлі конкурстарға тіркелу кезінде балаларыңыздың жеке мәліметтерді бермеуіне үйретіңіз.

•   Сіздің рұқсатынсыз бағдарламаларды жүктеуге жол бермеңіз, Қажетсіз бағдарламалық қамтамасыз ету немесе вирустарды жүктеп алу қаупініңбар екендігін түсіндіріңіз.

•  Балаңыздың Интернетке қатысы бар кез келген қауіп, қорқыныш, үрей туралы ашық айтып отыруын үйретіңіз. Сабыр сақтаңыз, қауіп, қатер туралы сізге айтқаннан соң олардың қауіпсіздікте екендігін айтып отырыңыз. Мадақтап отырыңыз және кез келген жағдайда сізге жүгініп отыруыңызға кеңес беріңіз.
•  Балаларыңыздыңспамнан қорғануға жол сілтеңіз, Интернетте нақты, шынайы электронды мекен жайды беруге болмайтындығын ұғындырыңыз, түрлі пошталы фильтрлерге және қажетсіз хаттарға жауап қайтармауын талап етіңіз.

•  Таныс емес адамдармен хабарласып, тілдесіп отырмағандығына көз жеткізу үшін өз электронды мекен жайына қолжетімділікті қамтамасыз етуін талап етіңіз.

• Өзіңізде жасөспірімдердің сайттарымен танысып отыру машықтығын қалыптастырыңыз.

•    Балаларыңызға интернетті бұзақылық үшін, өсек-аянды, қауіпті ақпаратты тарату үшін қолдануға болмайтыныдығын түсіндіріп айтыңыз.
•Жасөспірімдермен интернеттегі құмар ойындар туралы және олардың қауіп-қатері туралы әңгімелесіңіз. Балалар тек заңға негізделген ойындармен ғана ойнауға құқылы екендігін ескетіп отырыңыз.

 

Интернетпен қауіпсіз қолдану туралы роликтер

https://www.youtube.com/watch?v=3Ap1rKr0RCE

https://www.youtube.com/watch?v=5YhdS7rrxt8&feature=channel

https://www.youtube.com/watch?v=AMCsvZXCd9w&feature=channel