Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапханадағы іс-шаралар

№7мектеп кітапханасында  Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері Ж.Ташимова және А.Бораналинова  10 А сынып оқушылары үшін  Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай "Жыраудан жеткен жауһар жыр" атты сазды қонақжай кеші ұйымдастырылды. Қонақжай барысында 8 В сынып оқушысы Закарина Алима  Бұқар жыраудын "Жас туралы" өлеңін оқыды. Оқушылар "Он бір тілегің" атты бейнесюжет көріп, "Даланың дархан баласы" атты  кітап көрмесінде ұсынылған әдебиетпен  де танысып өтті...

№7мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен  Баянауыл өңірінің тумасы,ақын  Еламан Хасенұлы Қабділәшім "Қара сөздің жауһарлары" сұхбат-кездесуі  өтті.Аталмыш шараға 10Б сынып оқушылары қатысып, Еламан Хасенұлы Сұлтанмахмұт Торайғыров,Жүсіпбек Аймауытов жайлы өз пікірлерімен алмасты.Автор "Сынған қанат" деген өз өлеңін оқыды.Оқушылар қызықтыратын сұрақтарын қойып,кездесуден мол әсер алды.

№7 мектеп кітапханасында жергілікті ақын ,журналист,Қазақстан журналистер одағының мүшесі Асыл Әлімжанұлы Әбішевпен "Шеберлік сынып" атты кездесу өтті.Кездесу барысында Асыл Әлімжанұлы жас шығармашыл оқушыларға әлеуметтік желілердің : тик-ток,инстаграммның пайдасы мен зияны туралы әңгіме қозғады. Оқушыларды кітап оқуға шақырды, себебі кітап оқу сөздік қорды байытады,сауаттылық деңгейін арттырады,шығармашылық қабілеттерді дамытады. Журналистикаға қалай келгенін, журналист болудың міндеті неде деген сауалдарына оқушылар жауап алды.Бұл кездесулер әлі жалғасын табады.

Мектеп к3тапханасында “Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары” тақырыбында 11 сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел өткіздік. Кеш қонағы ретінде “Қағандық” қоғамдық бірлестігінің  басшысы Жанғазы Еркеғали Жұмабайұлы және Павлодар қаласының №7 жалпы орта мектебінің басшысы Асаинов Мұрат Бакенович қатысқан болатын. Бұл дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Ұлттың тұрақтылығы мен өркендеуінің негізінде жатқан құндылықтарды талқылау және талдау.