«Отбасы - бақыт мекені» сынып сағаты
Мектебіміздің оқушылары арасында «Отбасы - бақыт мекені» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа баулу.