«Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымының қатарына қабылдау

2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Павлодар қаласының №7 ЖОББМ-де «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымының қатарына 5-сынып оқушылары арасынан белсенділер, оқу озаттары, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарынан 35 оқушы қабылданды.
Іс-шараға мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі М.Д.Мусабекова, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты. Барлық оқушылар патриот болуға, туған жерін құрметтеуге және сүюге ант берді.