Мектебімізде 10 тамыз Абайдың 177 жылдығына орай "Әлем таныған - Абай" атты сұрақ-жауап өтті

Мектебімізде 10 тамыз Абайдың 177 жылдығына орай мектеп қызметкерлерінің қатысуымен "Әлем таныған - Абай" атты сұрақ-жауап өтті. Іс-шара барысында Абай туралы бейнежазба көрсетілді.Қатысушылар бұл күнге арнайы ұйымдастырылған "Асыл сөзді іздесең - Абайды оқы, ерінбей" кітап көрмесімен танысты. Абайдың шығармашылығына қатысты: Абайдың неше поэмасы бар, Лермонтовтан қанша шығарма аударған, Алғаш жазған өлеңі деген сұрақтарға жауап беріліп, викторина қызықты өтті.