"Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра" атты сынып сағаты өтті.

Бүгін, яғни 7 қыркүйек күні 8 Б сыныбында тілдер мерекесіне қатысты "Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.