Тәрбие сағаты: «Жолда жүру ережесін сақтайық! » Қазанның 5 күні 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты: «Жолда жүру ережесін сақтайық! »
Қазанның 5 күні 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1) Балаларды жол, көлік апаттарынан сақтандырып, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету.
2) Жол белгілерімен таныстыру.
3) Оқушылардың бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту, жолда жүру ережесі өз өмірлері үшін қажет екенін түсіндіру.
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан ,оқушылар, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!