«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында ата-аналарының қолдауымен мектеп оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында ата-аналарының қолдауымен мектеп оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Мақсаты: панасыз өскен, ананың аялы алақанынан айырылған, жанұя жылуын көрмеген балаларға көмек қолын созу. Жиналған қаражатқа Павлодар қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне көмек көрсетілді. Мекеменің Бас дәрігері Бағдат Қалдыбекқызы Кембаева сәбилер үйінің ішкі ахуалымен қасқаша таныстырып өтті.