№7 мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп”, “Бір ел - бір кітап” жобалары аясында Бердібек Соқпақбаевтың 100-жылдығына орай “Мектеп” әңгімесінің талқылауы болды.Бердібек Соқпақбаев -жазушы,1924 жылы туған.”Менің атым Қожа”,”Балалық шаққа саяхат”,”Он алты жасар чемпион” т.б.повестер мен “Өлгендер қайтып келмейді” романының авторы. Арнайы қонақтарымыз Баязитов атындағы балалар оқу орталығының басшысы Алпысбай Әбділұлы және оқу орталығының қызметкері Ш.Г.Ермаханова “Мектеп” әңгімесінің басты кейіпкерлері,автордың ойы,сол әңгемеден нені ұқтындар деген сұрақтарына 7-8 сынып оқушыларынан жауап алды.”Мектеп” әңгімесі “Балалық шаққа саяхат” повесінен алынған әңгіме.Бұрынғы және қазіргі мектепті салыстырып отыра ,бұрын оқушыларда оқу-құралдар жетпесе де,киіз үйде жағдай болмаса да оқушыларда талпыныс болды оқуға деген деп балалар сондай ойға келді.Өз ойларын жеткізе білген ,белсенді қатысқан 8 сынып оқушылары: Сагатова Жансая,Алдаберген Арайлым,Алдабергенқызы Айгерім,Мұратқан Нұрдәулет,Бекентай Ерасыл ,Танат Санжар және тағы басқалары .
№7 мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп”, “Бір ел - бір кітап” жобалары аясында Бердібек Соқпақбаевтың 100-жылдығына орай “Мектеп” әңгімесінің талқылауы болды.