Бүгін 1 мамыр -Бірлік күніне орай 2”В” сыныбында “Достық-ұлы мекен” атты сынып сағаты өтті.
Бүгін 1 мамыр -Бірлік күніне орай 2”В” сыныбында “Достық-ұлы мекен” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.