Кеше мектебімізде ата-аналар үшін ерекше маңызды күн өтті – Ашық есік күні!
Ата-аналар 2-тоқсанның нәтижелерімен танысып, балалардың білім деңгейі туралы толық ақпарат алды. Әр пән мұғалімімен кездесу барысында кері байланыс алынып, болашақтағы оқу үдерісін жақсарту бағыттары талқыланды.
⠀
Осындай күндер оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Біз үшін әр оқушының жетістігі – ортақ жеңіс!
⠀
Барша ата-аналарымызға уақыт бөліп, балаңыздың оқуына көңіл бөлгендеріңіз үшін алғыс айтамыз!