Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарылату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын арттыру мақсатында, қаңтар айында №7 жалпы орта білім беру мектебінің 10-шы сынып оқушыларына мектеп психологі «Нашақорлық қ
Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарылату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын арттыру мақсатында, қаңтар айында №7 жалпы орта білім беру мектебінің 10-шы сынып оқушыларына мектеп психологі «Нашақорлық қоғамдық дерт» атты тақырыпта дәріс берді. Нашақорлықтың ағзаға тигізер ауыр зардаптарын түсіндіріп, оқушылармен бірге зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын талқылады. Оқушылар тақырыпқа қызығушылықпен қатысып, соңында нашақорлықты алдын-алу үшін жасөспірімдер арасында жүргізуге арналған сауалнаманы орындады.