Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлке тарихына саяхат.
12-10-2012 11:14
Туған өлке тарихына саяхат.

Туған өлке тарихына саяхат

      «Отан отбасынан басталады» деген халқымыздың өнегелі сөзін ескерер болсақ, туған елге деген махаббат өзіңнің туып өскен өлкеңнен бастау алатыны сөзсіз. Болашақ ұрпақтың жадына ғасырлардан келе жатқан халықтың асыл мұрасы төл тарихымызды сіңіру мақсатында №7 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «А» сынып оқушылары үстіміздегі жылдың қазан айының екінші жұлдызында қаламыздағы Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап қайтты. Белгілі өлкетанушы, Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусының түлегі, қазақтың тұңғыш географы Ш. Ш. Уәлихановтың жақын досы, Павлодар өңірінің тарихын зерттеуші Григорий Николаевич Потаниннің есімін иемденген тарихи-өлкетану мұражайы өңіріміздің тарихынан сыр шертетін ғалымдар тірнектеп жинаған құнды тарихи жәдігерлерге бай. Біздің мұражайға келген күніміз Г. Н. Потаниннің туған күнімен сәйкес келуі де оқушыларды бей-жай қалдырған жоқ. Алдында ғана тарих сабағында өткен «Өлкетану дегеніміз не?» тақырыбына байланысты оқушылардың ойларына жинақтаған оқу материалын еске түсірумен қатар олар өздерінің туғн өлкесі жайлы көптеген қызықты мағлұматтар алды.

     Оқушылардың біреулерін туған өлкеміз Ертіс-Баян өңірінің табиғи флорасы мен фаунасынан  құрылған экспонаттар қызықтырған болса, біреулері сұрапыл соғыс жылдарынан жеткен тарихи құжаттарға үңілді. Ертіс өзенінің жағалауынан табылған адамзат баласының ең көне тас дәуірінен жеткен мамонт пен бұғының, басқа да ертедегі жануарлардың сүйектері де балалардың көптеген сұрақтарын тудырды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысынан көрініс беретін киіз үй, ұлттық киім, күнделікті тұрмыста қолданылған заттар да оқушыларға ата-бабаларымыздың жүздеген жыл бұрындағы өмірінен үзік сыр шертіп, тарихтың терең қатпарында жатқан дүниелермен таныстырды.

     Кереку өңіріне ғана емес, кезінде Кеңестер Одағы тұсында Мәскеудегі халықаралық көрмеде халқымыздың саятшылық өнерін бүкіл әлемге паш еткен баянауылдық бүркітші Мәуия Әбікейұлының бейнесін тірі адамдай тамашалап, қолындағы бүркітін сипап көрген оқушылардың таңданысында шек болмады. Мәуия бүркітшінің ұлы қаламыздың жанындағы Кенжекөл ауылында түратындығы және оның да бүркіт ұстап, саятшылық құратыныдығы туралы айтқанымда балалардың халқымыздың төл өнеріне деген құрметі мен мақтаныш сезімі олардың көздерінен оқылып тұрды.

   Ел мен жер тарихынан сыр шерткен әсерлі саяхаттан кейін оқушылардың өздерінің туған өлкесі Ертіс-Баян өңірінің тарихын зерттеп білуге деген құлшыныстары, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдері арта түскені даусыз.

    Жүз рет естігеннен де бір рет көрген артық дегендейін тарих сабағында өтілген оқу материалын осындай саяхатттармен ұштастырса, оқушылардың білімі ғана емес, ұлттық сана сезімі, туған жерге, Отанға деген махаббаты арта түседі. Біздің мұғалім ретіндегі ең басты парызымыз да осында жатыр.

 

  №7 ЖОББББМ-ның тарих мұғалімі Теміров Е. Р.