2 «В» сыныбында «Менің Отаным - Қазақстан» топтық жұмыс түрінде сынып сағаты өтті.
2 «В» сыныбында «Менің Отаным - Қазақстан» топтық жұмыс түрінде сынып сағаты өтті. Жұмыстың бұл түрі ұжымды біріктіреді, оқушылардың ашылуына, сөйтіп өз мүмкіндігін толық көрсетуге көмектеседі.
Сынып оқушылары өз топтарында тапсырмамен танысады, оны талқылайды, сұрақтар қояды. «Астана-Қазақстанның жүрегі» тақырыбына кластер жасады. Суреттер бойынша Отан туралы әңгіме құрастырды. Ұжыммен әңгіме құрастыру оқушыларға бір-бірін тыңдауға, сыныптасының пікірін құрметтеуге, толеранттыққа тәрбиелейді.Отан сөзіне өз ойларын жазды. Тапсырманы орындау ұстанымын түсінгеннен кейін балалар оны орындаудың ең дұрыс жолын таңдайды. Сынып сағаты жанға жайлы , өзара келісіммен шығармашылық жағдайда өтті.