Бүгін,16 маусымда №7 мектептің профильдік топтары «Поэзия» күнін атап өтті.

Бүгін,16 маусымда №7 мектептің профильдік топтары «Поэзия» күнін атап өтті. Іс-шара қаламыздың әдемі көшелерінің бірі – 1 мамыр көшесінің жасыл желекке бөленген тынымбағында өтті. Алдымен орыс тілі мұғалімі Б.А. Қарменованың жетекшілігімен 5 «Б» сынып оқушылары Агния Бартоның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды. 5, 6қазақ сыныптарының жас ақындары осы тынымбақта орналасқан мұғалім ескерткішінің жанында ұстаздар туралы өз өлеңдерін оқыды.