Жауынгерлік мадақ мұражайы
15 қазан күні 8 А сыныбы Жауынгерлік мадақ мұражайында болды. Мұражай экспонаттары, мұрағаттық құжаттар, жауынгерлік суреттер оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Оқушылар соғыс уақытында Отанымызды қорғаған және тылда жүріп жеңіс үшін күрескен жерлестеріміз туралы қызықты ақпаратқа ие болдлы. Ашық аспан астындағы экспозиция ерекше қызығушылық тудырды. Қызықты да танымды экскурсиясы үшін мұражай қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.