2014 жылы қарашаның 12-14 күндері аралығында 8-11 сыныптар арасында «Толеранттық. Ұлтаралық және Дінаралық ынтымақтастық» атты тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Ортаңғы және жоғары сынып оқушылары мемлекетіміздің тұрақтылығының негізінде осы толеранттық қарым-қатынас жатқандығын жақсы түсінеді. Өз елінің мүддесін қорғап, достықта өмір сүруін, бағындырған шыңдарын қадірлеу өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Қазақстан жерінде көптеген ұлт иелері ынтымақтастық пен достықта өмір сүріп жатыр. Оқушылар Еліміздің Тұңғыш Президентінің қолдауымен құрылған Қазақстан Халық Ассамблеясының тек біздің мемлекетте ғана барын түсінеді.
Оқушылар сынып сағаты барысында мынандай қортындыға келді- «Дінімізбен тіліміз бөлек болғанымен барлығымыздың болашағымыз бір, себебі біз достық пен тұрақтылықтың Отаны болған Қазақстан Республикасында өмір сүреміз!»