Осы аптада Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер наркологы З.Н.Гарусовамен кездесу өткізілді, ол 8-9 сынып оқушыларының алдында темекі шегу мен насыбай тартуды алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Темекі шегудің зияны туралы бейне материалдар мен слайдтар ұсынылды.