Шахмат клубының ашылуы 2017 жыл 9 қаңтарда Павлодар қ. №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебінде мектептің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен шахмат клубының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар мен мұғалімдер және шахматқа қызушылық танытушылар арасында шахмат турнирі өтті. Мектепте шахматты үйренем деушілер саны жетерлік. сонымен қатар жас категориялары бойынша қабылдау жарияланды. Сабақтарды шахмат бапкері Дәурен Қанатұлы Усейнов өткізеді. Барлық үйренем деушілер өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Үйірме жұмысы : дүйсенбі, бейсенбі 11.00 ден 13.00 дейін және 14.00 ден 16.00 дейін, сейсенбі, жұма – 14.00-16.00 дейін өткізіледі.