Күзгі демалыс кезінде біздің мектептің 5 сынып оқушылары «Оқушылар Сарайында» ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысты. Сол күні қала көшелерінде, күздің сұрғылт күндерінде жауған аппақ қар жатты. Оқушылар осы табиғаттың әсем көрінісіне қуана, сарайға бет алды. Іс-шараға жиналған қаланың әр түпкірінен келген оқушылар мен олардың ұстаздары көрермен ретінде жайғасты. 5 сыныптар құрамасы өз тобының атын « Барыстар » деп таныстырды. Түрлі ойындарға қатысып және зияткерлік сұрақтарға жауап берген «барыстықтар» өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тапсырма ретінде берілген әуенді әрқилы жағдайда көрсете білді, атақты адамдардың нақыл сөздерін айта білді және қимылдарын келтірді. Топ мүшелері Насыров Маулен сұраққа жылдам, әрі тапқырлықпен жауап берсе, Мусаипова Сания жылдам топты ұйымдастыра білді. Салмақты, ойлы жауапты Дулат Ажар мен Жарылгапова Дамиля айтты. Тапсырма бойынша сахнада қызықты қимылдарды көрсету кезінде Смагулов Сұлтан, Ибагельдинов Саян және Ұлжанов Тамирлан еске қалды. Оқушылар сарайындағы кездесудегі жеңістерің жалғасын тапсын демекпіз 5 сынып құрамасы!
Оқушылар сарайындағы кездесу