29 сәуір күні мектепте «Әскери даңқ залы» мұражай қалалық байқауы өтті. Мұражай оқушылардың бойындағы туған өлке, мемлекет тарихына деген жеке қарым-қатынасын қалыптастырып, шығармашылыққа және танымдық белсенділікке, патриоттық сезімге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мұражайдың негізгі мақсаты оқушыларды патриоттық және шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу арқылы оқушы бойында азаматтылық сезімін қалыптастыру болып табылады. Оқушылар мұражай экспозицияларымен танысуда, ардагерлердің әңгімелерінен, әскери мұражайлардың экспонаттарынан, экскурсиялардан балалар мен жасөспірімдердің бойында Отан тарихын әр түрлі ақпарат көздерінен терең тануға қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар мұражай мектеп оқушыларының жобалық және зерттеушілік қызметі үшін ақпараттық қор болып табылады.