"XVIII Абай Құнанбаев" оқулары

25 сәуірінде №35 мектепте жалпы орта білім беру мектептерінің қала оқушылары арасында қалалық деңгейде дәстүрлі қалалық "XVIII Абай Құнанбаев" оқулары ұйымдастырылды. Оқу үш номинация бойынша өткізілді: 1-"Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы" (мәнерлеп оқу сайысы), 2-"Көңілім әнді ұғады" (Абай әндерін орындаушылар сайысы), 3- "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" (жас ақындар сайысы). Біздің мектептен 4 б сынып оқушысы Ошал Мадина мәнерлеп оқу сайысына қатысып, 2 орынға ие болды. Мадина бүкіл мектептің өзіне артқан сенімін ақтап, жүлделі 2 орынға ие болды.
Мадинаны жеңісімен құттықтаймыз!