Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы? » Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәрбиелеуші тәлімгерлерімізге, ардагерлерімізге соның ішінде педагогикалық саланың ардагер ұстаздарына бас иіп, құрмет көрсету артқы буынның парызы деп ойлаймыз. Осы мақсатпен 1 қазан –
« Қарттар күні » және келе жатқан Ұстаздар мерекесіне орай 2017 жыл, қазан айының 2 – ші жұлдызы күні Павлодар қаласы № 7 ЖОББББМ - де «Ардагер ұстаздар – асыл жандар » атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс – шараға мектебіміздің ұрпақ тәрбиелеуде көп жыл еңбек сіңірген ардагер ұстаздарымыз шақырылды. Шара барасында ардагерлерімзге мектебіміздің оқушылары тамаша ән мен биден шашу шашып өз өнерлерін көрсетіп, барлық қонақтарға тамаша көңіл – күй сыйлады. Ары қарай мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтау сөздер айтылып, естелікке қонақтарымызға шағын сыйлықтар тарту етілді. Концерт соңында Ардагер ұстаздар өз лебіздерін, батасын, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп , алғысын білдірді. Мерекелік концерттің соңы құрметті қонақтарымызға арналған тәтті дастарханмен жалғасты.
Қарттар күні