14 қазан күні №7 ЖОББББМ мектебінің 5 «Б» сыныбында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының басында 5 «Б» сынып жетекшісі Баядилова Асем Канатовна балаларға елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы кіріспе жасады.
Мұғалім Елбасымыз бұл бағдарламада 6 негізгі бағдар ұсынғаны туралы айтып, оның ішінде Латын әліпбиіне көшу туралы ерекше тоқталды.
Одан кейін оқушылар топтарда келесі тақырыптар бойынша постерлер дайындады: 1 топ - Қазақстан - Еуразия жүрегінде, 2 топ - Қазақ халқының салт-дәстүрі, 3 топ - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері, 4 топ - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары.
Оқушылар өз постерлерін «Өз елінің шеберлері» жәрмеңкесі әдісі бойынша қорғап, сабақ соңында пікірталас өткізді.
5 «Б» сыныбында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.