«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойын өткізілді
2017 жылдың 3 қарашасында 6 «а», 6 «б» сыныптары оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойын үш кезеңнен тұрды. 1-кезең «Бәйге» деп аталды. Бұл кезеңде оқушылар қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші «Полиглот» кезеңі болды. Балалар берілген мақал-мәтелдерді жалғастырып, олардың баламасын орыс және ағылшын тілдерінде айтты. Үшінші кезеңде шығармашылық тапсырма берілді. Ойынға қатысушылар мектебіміздің эмблемасын жасап, әр топ өз жұмысын қорғады. Оқушылар іс-шараға белсенді түрде қатысып, өздерінің білімдері мен шығармашылық әлеуетін көрсете алды.