«Жас қалам – 2017» конкурсы

Қараша айының 9 күні Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында облыстық жас журналистерге арналған «Жас қалам – 2017 » конкурсы өтті. Конкурс ары қарай «Школа Пресс – 2017 » атты мектепішілік газеттер сайысымен жалғасты. Аталмыш конкурсқа №7 ЖОББББММ оқушылары да қатысты. Мектепішілік «Жеті Жұлдыз» газетінің жас редакторлары 9 «А» сынып оқушысы Шайзадаева Ариана мен 10 «А» сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан мектеп намысын қорғады. Конкурс нәтижесінде белсенді қатысқандары үшін мектебіміз Дипломмен марапатталды.