М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жанжал және оны шешудің жолдары» тақырыбында Балалар қоғамдық қабылдауының отырысы өтті.
30.01.2018 ж М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жанжал және оны шешудің жолдары» тақырыбында Балалар қоғамдық қабылдауының отырысы өтті. Отырысқа қаламыздағы № 39, 7, 41, 27, 12 мектептің 8-ші сынып оқушылары қатысты. Біздің мектебімзден 8 «а» сыныбы отырысқа қатысып ондағы айтылған мәліметтермен бөлісіп қайтты. Тақырыппен Оқушылар сарайының педагог – психологы Оксана Михайловна Кобец таныстырды.Қазіргі оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай көптеген жанжалға тап болады. Сондықтан оларға осы тығырықтан шығу жолдарын табуға көмектесу керек екені және оның бірнеше түрлері қарастырылды.