“Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері“ атты коучинг өтті
10.02.2018ж біздің мектепте “Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері “ атты коучинг өтті. Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болды. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін білді және өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.