Жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған тақырып 1) А гепатиті , 2) Мектепішілік форма
15.02.18 ж мектебімізде жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған тақырып 1) А гепатиті , 2) Мектепішілік форма. Жиналыс барысында мектеп медбикесі Тулекова М.М және қалалық №2 поликлиникасының педиатр маманы Касимова Баян Какимовна қатысып ата – аналар мен мектеп әкімшілігін «А гепатиті» және оның алдын алу шараларымен толық таныстырды. Сонымен қоса мектеп әкімшілігі оқушылардың мектеп формасы туралы кезекті рет таныстырып өтті.