Халықаралық денсаулық күні
2018 жылғы 7 сәуір күні «Денсаулық – зор байлық!» атты ұлттық бағдарлама аясында Халықаралық денсаулық күніне орай мектебімізде «Көңілді старт» дене шынықтыру жаттығулары, «Денсаулық құпиялары» атты викторина, «Дені саудың – жаны сау» көрмесі, «Футбол» мастер класс, «Күрес тәсілдері», «Шахмат ойынында жеңіске жетудегі тиімді амалдары», «Дене, бас, қол, аяқ қимылдарының қозғалысы» атты сауықтыру жаттығулары сынды біршама іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, өздеріне қажетті көптеген ақпаратты ала алды.