№ 7 ЖОББББММ 5 - сынып оқушыларын «Жас Ұлан » ұйымына салтанатты қабылдау

30.04.2018 ж күні № 7 ЖОББББММ де 5 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі болды. 5 «а, б ,в » сыныбы бойынша жалпы «Жас Ұлан » ұйымына 49 оқушы қабылданды. Жас Ұландарымыз ант қабылдап, «Жас Ұлан » ұйымының гимні , маршын айтты. Іс – шараға мектеп әкімшілігі қатысып, оқушыларға арнайы «Жас Ұлан » ұйымының галстуктары мен төс белгілерін салтанатты түрде тақты. Іс – шара соңы мектебіміздің оқушыларының дайындаған мерекелік шағын концертімен аяқталды.