Павлодар облысының 80-жылдығына, Астана қаласының 20 жылдығына арналған спорттық ойындар

Бүгін 0б.06.2018 ж Павлодар облысының 80-жылдығына, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Керемет» жобасындағы « Ойын алаңы» атты спорттық ізденіс ойынға қатыстық. Ойын барысында бірнеше кезеңнен өттік: «Мозайка», «Французский переулок», «сөз құрастыр» , «ән шашу», «жұмбақ шеш», «Өрмекші торы» т.б. Балалар өздерінің белсенділіктерін танытып, аса қызығушылықпен қатысты. Әсіресе балаларға ұнаған кедергі ол « өрмекші торынан» өту, олар өз бірліктерін көрсетіп ешқандай кедергісіз өтті. Біздің топ барлық кедергілерден жоғары нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқан үшін дипломмен марапатталды.