Теңге – тәуелсіздік символы
Бүгін 14.11.2018жыл 11 «а» сыныбында «Теңге – тәуелсіздік символы» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,ақшаның пайда болуына жалпы түсініктеме беру; олардың қазіргі өмірдегі рөлі және пайдалану; балалардың ақша қаражатын өңдеу мәдениетін түсінуін кеңейту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту. Сабақ дөңгелек үстел формасында өтіп, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысты.