Мектеп тәрбие жұмысының жетекші бағыттарының бірі - оқушылардың патриоттық тәрбиесі. Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтықты, мектеп оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығына арналған біршама іс-шаралар қатары өткізілді. Аталмыш іс-шаралар Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім!» атты мерекелік концертпен жалғасын тапты.Концерт барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Менің Туым» облыстық жобасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы шығарылып, оқушылар мен оларды даярлаған ұстаздарға сертификаттар мен мадақтамалар табысталды. Сонымен қатар әр түрлі қалалық, облыстық, ресбуликалық конкурстарға қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткен ұстаздарға алғыс хаттар мен қалалық білім беру бөлімінің құрмет грамотасы табысталды.
Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім!