Ашық есік күні
№7 мектепте «Ашық есік күні» өтті.
Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына мектепті дұрыс таңдау- үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мектебімізде келесі 2019-2020 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жұмысын басты назарға ала отырып жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда. 21 желтоқсан күні мектеп-балабақша сабақтастығы аясында №19 балабақша бүлдіршіндері, ата-аналары және тәрбиешілері ашық сабақтарға қатысты. Мектеп директоры Бекбосынова Х.В. болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналарына мемлекеттік тілде білім алуға №7 мектепте барлық жағдай жасалғаны туралы айтты. Жиналыс барысында ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерін анықтап, туындаған сұрақтарға жауап берілді.