6 «а» және 6 «б» сыныптарының арасында қысқы демалыс уақытында өткізілген «ХХІ ғасыр көшбасшы» сайыс.
Қысқы демалыс уақытында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын, 6 «а» және 6 «б» -сыныптар арасында алғыр оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «ХХІ ғасыр көшбасшы» математикалық сайысы өткізілді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. I - тур «Бәйге»,II - тур «Тіл өнер», III - тур «Жеті керемет», IV - тур «Көкпар», V - тур «Жорға» 6 «а» сынып оқушылары өз алғырлығымен, тәрбиелігімен, тапқырлығымен, есепке жүйріктілігімен сайыста жеңіске жетті. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, тәтті ынталандыру сыйлықтарына ие болды.