Интернетсіз бір күн
Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебінде қаңтардың 26-ы күні оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында «Интернетсіз бір күн» акциясы өтті. Бүгінгі жасты бір күн болса да интернет әлемінен алшақтатуды ойлаған мектеп мұғалімдері оқушылардың санасын кітап, тоғызқұмалақ, шахмат, шеберлік, тоқыма өнерімен жаулап алуды ойлаған. Сонымен қатар, мектеп психологі де балалармен әңгімелесіп, интернетте күтіп тұрған барлық жағымсыз тосын оқиғалар: қалаусыз сайттар, ойын құмар ойындар, зиянды және зиянсыз бағдарламалар, алаяқтар мен хакерлер, интернет тәуелділігі туралы айтып берді.