Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да/нет/незнаю - 18
Всего проголосовало: 18
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Даналық кеші» жобасының шеберлік сабағы
01-02-2019 14:22
«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткізілген «Даналық кеші» жобасының шеберлік сабағы

    2019 жылғы 31 қаңтар күні «№7 ЖОББББММ» ММ-де  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка – драма театры» -ның режиссері, әртіс – Жангелді Садықов, ҚР-ның Тұңғыш Президентінің Лауреаты – Мұсанова Құралай, әртіс – Әнуарбек Ақсұлтанның  қатысуымен бүгінгі ұрпақтарға, жастарға  өнеге болатын «Даналық кеші» жобасының тұсаукесері жүзеге асырылды.  «Даналық кештің» шымылдығы мектебіміздің директоры Х.В.Бекбосынованың  алғы сөзімен ашылды. Кеш барысында әртістер өздерінің өнер саласындағы қызықты да әсерлі сәттерімен бөлісіп, киелі сахнаның қызықты да қилы оқиғаларын баяндай отыра, бірі қазағымыздың киелі домбырасымен ән жырласа, бірі М.Мақатаевтың поэзиясынан үзінді оқып, осылайша өз кәде сыйларын ұсынып,  кешті жандандыра түсті. Сонымен қатар, оқушылар келген қонақтарға өздерінің қызықтырған сауалдарын қойып, тағылымды жауаптарынан өздеріне өнеге ала алды деген ойдамыз. Және де біздің оқушыларда сыртта қалмай өз өнерлерін көрсетті. 11 «А» сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан  «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка – драма театрына» арнап шығарған өлеңін ұсынды. Кеш соңында мектеп директоры Х.В.Бекбосынова «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка – драма театрының» ұжымын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Даналық кеш» жобасында  бүгінгі ұрпақтарға, жастарға  өнеге болатындай қосқан зор үлестеріңіз үшін   шын жүректен алғыс білдіріп,  толайым табыстар мен шығармашылық жетістіктерге жетулерін тілей отыра, бірлескен жұмысы үшін Алғыс хатпен марапаттады!