Бастауыш сынып ӘБ апталығы аясында 22 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Балтагулова Рымтай Аманболовна. 1 «А», «Б», «В» сыныптар арасында «Отбасылық құндылықтар» жобасын өткізді. Жобаға 5 отбасы қатысты. Әр отбасы белсене қатысып, жобада бақ сынасты. Жоба 4 номинация бойынша өткізілді. Бірінші кезең «Сәлем – сөздің анасы» деп аталады, таныстыру, әр отбасы өздерін таныстырады. Екінші кезең «Өнерлі өрге жүзер» әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді. Үшінші кезең «Білгенге маржан» сұрақтарға жауап. Төртінші кезең « Қол өнер» Ою ойып қағазға желімдеп, түз киіз жасау. Бірінші орынды 1«Б» сынып оқушысы Қанат Ясмина анасымен 1 орын , 1 «А» сынып оқушысылары Мейірали Кәусар анасымен және Оразбай Сезім анасымен 2 орын, 1 «Б» сынып оқушысы Уәлиден Разия әжесімен және 1 «В» сынып оқушысы Жұмаш Сезім анасымен 3 орындармен марапатталды.
Отбасылық құндылықтар