Оқушылардың роботтарды бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мақсатында 2019 жылы 28 ақпанында № 25 мектебінде робототехника бойынша "Менің роботым" атты ІІ қалалық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға 32 жалпы білім беретін мектептертен 115 оқушыдан тұратын 59 команда қатысты.
Біздің №7 мектептің оқушылары Амангелді Ерсұлтан (7 "А"сынып оқушысы) және Кабиолдаев Ертас (8"Б"сынып оқушысы) командалық "Робокомбо" сайысына қатысып, 5-8 сыныптар арасындағы «Кедергілер жолағы бойынша жарыс» және «Мини Робосумо» атты категорияларда өз бақтарын сынаса, Мадьярова Мадина 6 «А» сынып оқушысы 9-10 сыныптар арасындағы «Лабиринт» категорясына қатысты.
Оқушылар ЛЕГО Mindstorms EV3 конструкторы негізінде бағдарламаланған роботтарды ұсынды. Бұл олимпиада балаларға жаңа таным мен одан да биік шыңдарға ұмтылу үшін серпін мен шабыт берді.