"№ЖОББББММ" ММ-нің 8-11 сынып оқушылары мен ұстаздары "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында Ғабдул-Уахит Хазрет ата кесенесіне барды. Бару мақсаты-Қазақстанның саяси қоғамдық өміріндегі халық бірлігі мен тарихи мәдени белгісі ретінде маңызды орын алатын Облысымыздың киелі жерлерімен таныстыру.Қазақстанның ең киелі жерлерінің бірі тек облысқа ғана емес, Республикаға аян Ғабдул-Уахит Хазрет ата кесенесіне баруда ұстаздар мен оқушылардың алған әсерлері ерекше болды. Кесене "Ертіс орманы " мемлекеттік табиғи резервтегі аумақта орналасқан. Экскурсия жүргізушілер қасиетті әулиелердің өмірінде болған қызықты оқиғалармен, мәліметтерді айтып берді. Алдағы уақытта да осындай киелі жерлерге саяхаттарға шығуды ұйымдастыру жалғасын табады деген сенімдеміз.
Ғабдул-Уахит Хазрет ата кесеңесіне баруы