"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ"
06.11.19 күні 7 «А» сынып оқушыларына оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау мақсатында "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ" атты сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар тамақтану сауаттылығының бес негізімен, тамақтану тәртібімен, тамақтану мәдениетімен танысты. «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдап, ортақойларымен бөлісті.