Бүгін №7 ЖОББББМ мектеп оқушыларымен «Қауіпсіздік - fest» іс – шарасын аға тәлімгер Гизатова Ф.Ж. өткізді. Іс – шараның негізгі мақсатыЖолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Іс –шара барысында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, әр түрлі қызықты тапсырмаларға, сұрақ – жауаптарға оқушылар белсене қатысты. Тақырыбымызға байланысты мектеп инспекторы Аширбаева Ф.Э. оқушылармен пікір алысты, Директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Лепесова А.А. оқушыларды шараға белсенді қатысқаны үшін мадақтама беріп, құттықтады.
«Қауіпсіздік - fest»