«Егер мен Президент болсам»
2019 жылдың 25 қараша күні «Павлодар қаласының №7ЖОББББММ» мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған 5 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс – шараға С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкері Алпысбай Әбділұлы қатысып, оқушыларға Елбасы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, «Егер мен Президент болсам» деген тақырыпқа 20-минуттық эссе-шығарма жұмысы жазылды, жұмыс тексерілгенше мектеп кітапханашысы Г.Х.Тукенова сұрақ-жауап ұйымдастырып, викторинаға белсенді қатысушыларды тәтті сыйлықтармен марапаттады. Қазақ тілі пәні мұғалімі К.М. Камалиева жеңімпаздарға грамота табыстады.