Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да/нет/незнаю - 20
Всего проголосовало: 20
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рухани жаңғыру»
30-01-2020 13:07
«Рухани жаңғыру»

2020 жылы 30 қаңтар күні №7 ЖОББББММ-де «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» атты даналық кеші өткізілді. Кешіміздің мақсаты: Оқушыларды белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастыру. Оқушыларға тағылымдық өнеге, дара жолдарымен таныстыру. Оқушылардың бойында білімге, өнерге, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, өмірге деген көзқарастарын жетілдіру, қоршаған ортаға бейімдеу қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Белгілі тұлғаларды оқушылармен таныстырып, білім мен мәдениетті, патриоттық рух пен өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.Даналық кешінің қонақтары Математика және информатика ғылымдарының маманы, программист, шежіреші, еңбек ардагері, көптеген Қазақстан Республикасының марапаттауларының иегері - Сыдықов Мүсәйіп Қыдырқанұлыжәне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, еңбек ардагері, көптеген Қазақстан Республикасының марапаттауларының иегері - Қойбағарова Тоқтаберді  Қойбағаровна. Мүсәйіп Қыдырқанұлы  мен Тоқтаберді Қойбағаровна өздерінің  өмір жолдарымен, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы оқушыларға айтып берді. Қонақтарымыздың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Кеш барысында  7 «Б» сынып оқушысы Алибаева А. және 9 «А» сынып оқушысы Мещанов Д. өздеріңің ғылыми жобаларымен таныстырды. Оқушыларымыз өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Аталмыш кездесуде, оқушыларымыз өздеріне қажетті тәлім-тәрбие ала-алды деген сенімдеміз. Кеш керемет бір жақсы көңіл-күйде өтті!