Бүгін 26.02.2020 ж мектебімізде ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында «Абай поэзиясы әлем тілдерінде»! атты әдеби кеш өтті.
Қазақ халқының данышпаны Ұлы Абайдың рухани байлығын насихаттау, ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдар үгітінен аман сақтау үшін Абай сөздерін нәрлендіру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға ағылшын тілі ұстаздары мен оқушылары қатысты. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.
Әдеби кеште Абайдың шығармалары орындалды: «Торыжорға» күйі, он «алтыншы», «жиырма төртінші» қарасөздері үштілде айтылды, «Жазғытұры» өлеңі оқылды, «Көзімнің қарасы» әні орындалды, «Абай мен Бала Мұхтар» көрінісі қойылды.